Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Төрехан ширек финалда Ирак өкілі Әл-Сараймен кездесті.Төрехан Сабырхан мен Әл-Сарай арасындағы жекпе-жек небәрі 55 секундқа созылды. Қазақстандық боксшы алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, оның жекпе-жекті жалғастыруына мүмкіндік бермеді. Рефери нокаутты тіркеді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.
Енді финал жолдамасы үшін өзбек боксшысымен күш сынасады.
