Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қайта оралды. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Мен, Абылайхан Жусупов, Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой бокста 2 жыл тәжірибе жинап, Қарағанды облысының Бокс Федерациясының және спорт басқармасының шақыруымен, қолдауымен әуесқой боксқа қайта оралып жатырмын.
Жинаған тәжірибеммен туған өлкемде, Қарағандыда өсіп келе жатқан жас боксшыларға үлгі көрсетіп, оларды алға талпындырамын деген ойдамын.
Қарағанды облысынан әлі де талай-талай Олимпиада ойындарының қатысушыларымен чемпиондары шығады деген ойдамын. Қарсыластарым, дайын болыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын», — деп жазды Жүсіпов.
Абылайхан Жүсіпов бокстан 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы, Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы, әлем чемпионаттарының қола жүлдегері.
Ол Қарағанды облысының намысын қорғайды.