Франция астанасы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына отандық спортшылардан бөлек, төрешілер де қатысады. Қазақстан ҰОК таратқан ресми мәлімет бойынша, Олимпиадада 12 қазақстандық төреші жұмыс істейді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Олимпиада төрелік ететін қазақстандық мамандар:
Алуа Бектұрова (көркем гимнастика);
Ольга Соловьева (ауыр атлетика);
Әлия Каримова (әртістік жүзу);
Юлия Игнатченко, Меруерт Қаукеева (теннис);
Тимур Әмірбеков (спорттық гимнастика);
,Евгений Дьякокин (семсерлесу, сабля);
Евгений Михеев (баскетбол);
Ерік Жұмабеков, Игорь Лигай (күрес);
Әлішер Алтаев, Ермек Сүйеніш (бокс).
Айта кетелік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.