Байдарка мен каноэ есуден Париж Олимпиадасында сынға түсетін Сергей Емельянов жазғы ойындардан соң қазақ тілін үйренгісі келетінін айтты. Бұл туралы ол Sport+ арнасына берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазады Sportbugin.kz.
«Олимпиададан соң қазақ тіліне мықтап ден қойғым келеді. Бұған дейін бастағанмын, мемлекеттік тілді білудің аса маңызды екенін білемін. Сонымен қатар, саяжайдағы, үйдегі жөндеу жұмыстарын аяқтағым келеді. Барлық спортшы секілді, мен де Олимпиададан медаль алуды армандаймын», — деді Емельянов.
Сондай-ақ, спортшы алдағы Олимпиадаға қатысты ойымен бөлісті.
«Токио Олимпиадасында біз 12-орын алдық. Шынымды айтсам, карантин мен өзге де қиындықтар кері әсерін тигізді. Токиоға мүлде жайсыз күйде келдім. Сондықтан, өзімнің күнделікті нәтижемді көрсете алмай қалдым. Ал бұл Олимпиадаға деген сезім басқа.
Біз қателіктермен жұмыс істеп, физикалық және моральдық тұрғыдан жақсы дайындалдық. Азия ойындарында жеңіске жеттік. Қазір менің қасымдағы серіктесім де, біз сынға түсетін қашықтық та өзгерді. Парижге жақсы жоспармен бара жатырмыз», — дейд ол.
Айта кетелік, Сергей Емельяновтың жұбайы Александра Подрядова да олимпиадашы. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында дзюдодан сынға түскен. Бүгінде спортшылар отбасы екі ұл тәрбиелеп отыр.