Тайландта күрес түрлерінен U15, U20 жастағы балуандар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ақтөбелік Жаңажол Қуанышбек грек-рим күресінен өз салмағында топ жарды.
Жас өрен 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Үндістан балуанын 8:0 есебімен жеңген.
Жалпы 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатына 10 салмақ дәрежесі бойынша балуандар аттанды.
Жас балуандары құрлық біріншілігіне Алмат Кебіспаев, Асхат Жаңбыров, Жарқын Тұрсынов сынды бапкерлер бастап барды.