Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы топтық кезеңнің соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық волейболшылар Қытай құрамасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ойын 18:25, 6:25, 14:25 есебімен аяқталды.
Дегенмен бұған дейін Филиппин құрамасын жеңген Қазақстан командасы топтық кезең қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алды.
В тобында Қытай бірінші орынға ие болса, Қазақстан екінші орын алды. Ал Филиппин құрамасы екі кездесуде де жеңіліп, үшінші орынға тұрақтады.
Әйелдер арасындағы волейбол турнирінің қалған топтарында:
А тобы: Жапония, Индонезия, Непал.
С тобы: Таиланд, Қытайлық Тайбэй, Моңғолия, Қырғызстан.
D тобы: Оңтүстік Корея, Вьетнам, Гонконг.
