World Boxing ұйымы Азия ойындарында өнер көрсететін үздік бес боксшыны атады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аталған тізімге 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Иордания өкілі Зеяд Ишаиш та енді. Бұл салмақта Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Азия ойындарындағы басты үміттерінің бірі Төрехан Сабырхан да сынға түседі.
Ишаиш пен Сабырхан биыл сәуір айында Ұланбатырда өткен Азия чемпионатының финалында кездескен. Сол жекпе-жекте иорданиялық боксшы жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды. Ал Төрехан Сабырхан күміс медаль иеленді.
World Boxing назар аударған өзге боксшылар қатарында Өзбекстаннан Абдумалик Халоков (60 келі), Қытай Тай пейінен Хуан Сяовэнь (54 келі), Филиппиннен Айру Вильегас (51 келі) және Үндістаннан Сачин Сачин (60 келі) бар.
Айта кетейік, бокстан Азия ойындарының турнирі Нагояда 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Жарыс жүлдегерлері 2027 жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.
