Ақмарал Ерекешева Испанияда өткен мерейтойлық XX халықаралық Euskalgym 2026 гала-шоуына қатысты, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл айтулы спорттық және мәдени іс-шара 2026 жылдың 31 қазанында Испанияның Бильбао қаласындағы Bizkaia Arena сахнасында ұйымдастырылды.
Ерекешева бұл шоуда өзінің ерекше пластикасы мен жоғары техникасын паш етіп, көрермендер мен халықаралық мамандардың жоғары бағасына ие болды.
Сондай-ақ, Ақмарал Ерекешеваның қазақтың әйгілі композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйімен шыққаны жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
