Мырза Еркінбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры болып тағайындалды, деп жазады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Жаңа қызметінде Мырза Еркінбек ұлттық құрамалар мен жасөспірімдер командаларының оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру және үйлестіру, халықаралық жарыстарға дайындық жұмыстарын бақылау, жаттықтырушылар құрамымен өзара жұмысты үйлестіру міндеттеріне жауап береді. Сондай-ақ федерацияның спорттық стратегиясын жүзеге асыруға атсалысады.
Спорт директорының негізгі мақсаты – қазақстандық боксшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық құраманың тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау және отандық бокстың дамуына үлес қосу.
Айта кетейік, осыдан бірер апта бұрын Мырза Еркінбек жастар құрамасының бапкері Бақыт Сәрсекбаевтың жұмысына қатысты пікір айтып, жанкүйерлердің сынына ұшыраған. Кейін Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында «Мырза ініммен татуластық» деп жазба жариялаған еді.
