2-7 қараша аралығында Астанада AUYL SPORT–2026 республикалық турнирі ұйымдастырылады. Биыл үшінші рет өтетін жарысқа еліміздің 17 өңірінен іріктелген 350-ден астам жас спортшы қатысады, деп жазады Sportbugin.kz.
Жас спортшылар спорттың 8 түрінен: үстел теннисі, шахмат, баскетбол, волейбол, футбол, бокс, күрес және каратэден бақ сынайды.
Жыл сайынғы турнирде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына қабылданып, халықаралық деңгейде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Биылғы жобаның басты жаңалығы — үздік нәтиже көрсеткен ауылдарға 10 жаңа спорт алаңын салу бастамасы.
Турнир аясындағы жарыстар 3 қарашадан бастап Астана қаласының шағын спорт кешендерінде өтеді. Ал 6 қараша күні сағат 12:00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылады.
