Бүгін, 27 шілдеде Париждегі Олимпиадада дзюдодан екі медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстаннан татамиге бірінші болып Елдос Сметов шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ол 60 келі салмақта үшінші Олимпиада жүлдесі үшін күресіп жатыр. Алғашқы кездесуде оған Торнике Чакадуа (Нидерланды) қарсы шықты. Сметов жеңіске жетті (қарсыласы үш ескерту алды), келесі айналымда Достон Рузиевті (Өзбекстан) қосымша уақытта ұтқан украиналық Дилшот Халматовпен кездеседі.
Сәлден соң Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) медальдар үшін күреске шығады
📸: Сали Сабиров