Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Абиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден “ваззари” ұпайы бойынша басым түсті. Осылайша, қазақстандық балуан Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алды.
Ал 60 келі салмақта белдесетін Елдос Сметов екінші кезеңде украиналық Ділшот Халматовтан “ваззари” ұпайы бойынша басым болды.