Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келі салмақта өткен ширек финалдық белдесуде Сметов әлемдік рейтингте бірінші тұрған Қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейден «ваззари» ұпайымен басым түсті.
Осылайша, Сметов 60 келі салмақта Олимпиаданың жартылай финалына шыққан алғашқы спортшы атанды.
Бұған дейін ол Нидерланд және Украина спортшыларынан басым түскен болатын.
ФОТO: Сали Сабиров