Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасын бесінші орынмен аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Абиба швециялық Тара Бабулфатпен кездескен болатын.
Бұл белдесу қазақстандық спортшы үшін сәтсіз өтіп, қарсыласы мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, Абиба өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада жүлдесіз қалды.
Фото: Сали Сабиров