Қазақстандық балуанЖәмилә Бақбергенова Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Жәмила жартылай финалда моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригтен басым түсті.
Есеп — 8:6.
Турнир барысында ол Молдова мен Чехия спортшыларынан басым түскен. Финалда Бақбергенова жапониялық Ами Ишимен белдеседі.
Айта кетелік, Жәмила Бақбергенова бұған дейін әлем чемпионатының финалында екі рет белдесіп, екеуінде де күмісті қанағат тұтқан болатын.
Одан бөлек, балуан қыздың еншісінде әлем чемпионатының қола медалі де бар.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы