World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен АҚШ-тың Колорадо қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы тұңғыш әлем біріншілігінде екі қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты, деп жазады Sporbugin.kz.
Қазақ боксшысы Асылхан Көшербай 65 келі салмақта турнирдің жартылай финалына өтті. Ол екінші жекпе-жегінде америкалық қарсыласын ұтқан.
Жартылай финалда Көшербай украиналық Максим Ниженскиймен қолғап түйістіреді.
Америкадағы біріншіліктің жартылай финалында Қазақстанның қос шебері сынға түседі: Асылхан Көшербай (65 келі) және Даниял Райымбеков (85 келі). Даниялдың қарсыласы Оңтүстік Кореядан.