Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында 5 күміс, 3 қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Ташкентте өткен кадеттер, жасөспірімдер, ересектер, ардагерлер арасында XV әлем чемпионаты және WKC каратэден балалар арасында XV әлем кубогында спортшыларымыз өнер көрсеткен болатын. Спортшыларымыз кумите, жекелей ката, топтық ката бағдарламаларында бақтарын сынады. Бұл турнирге 23 елден 2500 спортшы қатысты.
Нәтижесінде жас спортшылар елге 8 жүлдемен оралды.
Күміс жүлде: Алихан Ақжол, Айбол Өмірбеков, Алишер Жарылқасын, Жангужекова Динара, Элубаева Ақсулу, Нүсіп Жасмин
Қола жүлде: Саимов Акрам, Нуркешев Исмаил