
Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Өкінішке қарай, бірінші жарыс күнінде татамигее шыққан қазақ балуандары тегіс жеңіліп қалды, деп жазады Sporttbugin.kz.
Бүгін Қазақстан сапынан төрт дзюдошы белдескен болатын. Олардың арасынан Әділбек Берікұлы (66 келі) ғана екінші айналымға шығып, америкалық балуанға есе жіберді.
Сондай-ақ, Ұлықбек Әбілқайыр, Қанат Сейілхан және Данияр Құлышевтар бірінші айналымнан аса алған жоқ.
Фото: IJF