
25 ақпан күні Алматыда күрес түрлерінен PWL турнирі өтеді. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылатын бәсеке Қазақстанда екінші рет өткелі тұр. Осы орайда, даңқты қырғыз балуаны Ақжол Махмұдов шағын сұхбат берді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Қазақтардың мені қатты қолдайтынын білемін. Мұны осыдан екі жыл бұрын өткен PWL турнирінде байқадым. Дәл мұндай қолдау күтпеген едім. Көңілдеріңізге рахмет. Туғанындай қолдады. Инстаграмнан да маған жиі жазып тұрады. Ертең Алматы төрінде өтетін Ибрагим Ганемге қарсы кездесуде де жанкүйерсіз қалмайтыныма сенемін. Қарсыласым 72 келіде әлем чемпионы атанған. Сондықтан, оған бей-жай қарай алмаймын», — деді Махмұдов.
Айта кетелік, Ақжол Махмұдов 2022 жылы өткен PWL турнирінде ресейлік Олимпиада чемпионы Роман Власовты ұтқан болатын.
Алматыдағы PWL турнирі 25 ақпан күні «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтеді.
Фото: Olympic.kz