Оразбек Асылқұлов пен өзбекстандық Абдумалик Халоков Азия ойындарында қайта кездесуі мүмкін, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрлық додасында 60 келі салмақта ел намысын Оразбек Асылқұлов қорғайды.
Ал Өзбекстан құрамасының сапында осы салмақта Абдумалик Халоков өнер көрсетеді. Екі боксшы бұған дейін халықаралық жарыстарда екі рет кездескен.
2022 жылы Болгарияда өткен «Странджа» турнирінде Халоков жеңіске жетсе, 2023 жылғы осы додада Оразбек Асылқұлов ширек финалда төрешілер шешімімен басым түсіп, есепті теңестірді.
Енді қос боксшы Азия ойындарының жүлде жолында қайта қолғап түйістіруі мүмкін.
Айта кетейік, Аити-Нагоя Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
