
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасына әлі бас бапкер тағайындалған жоқ. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Командада бас бапкер жоқ. Әлі үміткер адам да жоқ. Наурыздағы Азия чемпионатына команданы аға жаттықтырушы Нұрым Дүйсенов бастап апарады», — деді Сұлтанов.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң грек-рим күресінен команданың бас бапкері Юрий Мельниченко қызметінен өз еркімен кетті. Бүгінде ол командада кеңесші-бапкер міндетін атқаруда.
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 25-30 наурыз аралығында Амманда өтеді.
Фото: Сали Сабиров