
Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігі жалғасуда. Бүгін шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық спортшының бесеуі келесі кезеңге өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Жасмин Қизатовалар (66 келі) ширек финалда бақ сынайды. Олар бүгінгі жекпе-жекте қарсыластарынан басым түсті.
Өкінішке қарай, 81 келідегі Гүлсая Ержан қытайлық қарсыласына есе жіберді. Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Анита Адишева да жеңіліс тапқан болатын.
Фото: Нұрғали Жұмағазы