
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова үшінші айналымға өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
50 келі салмақта сынға түскен Алуа марокколық қарсыласын айтарлықтай қиындықсыз жеңді. Есеп — 5:0.
Ширек финалда Алуа түрік қызы Айшен Таскинмен жұдырықтасады.