
Әйелдер күресінен әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, бүгінде мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқаратын Айым Әбділдина қазіргі командаға баға берді. Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Бапкерлікке кіріскен Айым әйелдер күресін қалай көтеріп, чемпондарды көбейту жолдарына көңіл бөлуде.
– Он жыл құрамада болыппыз. Ешімова, Богатюк, Ларионова, Шалыгина секілді әр салмақтың өз мықтылары болды. Айналдыраған осы 5-6 қыз тоқтамай шетелдегі жиында жүретін едік. Сол жақта жүріп, көп жарысқа қатыстық. Байқасаңыз, қазір қырғыз қыздары сөйтіп жүр. Бізге сол нәрсе жетпейтін секілді. Спорттан біраз уақыт алыстап кеткен едім. Осы жолы бәрін қарадым, ештеңе өзгермеген, жаңашылдық жоқ, – деді Айым Әбділдина.
Айта кетейк, Айым Әбділдина әйелдер күресінен әлем және Азия біріншілігінің жүлдегері.