
Хорватияның Загреб қаласында күрестен әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін бозкілемге шыққан қазақ балуандары жартылай финалға жете алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 63 келі салмақта сынға түскен Ержет Жарлықасын ширек финалда сүрінді. Ол 19 жастағы Өзбекстан қазағы Айтжан Қалмахановқа 0:8 есебімен жол берді.
87 келіде бақ сынаған Ислам Евлоев та ширек финалдан аса алмады. Ол Сербия атынан сынға түсетін ресейлік балуаннан жеңілді.
Енді екі балуан да қарсыластарының финалға шығуын күтеді. Егер Қалмаханов пен Комаров ақтық сынға өтсе, Жарлықасын мен Евлоев жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.
Ал 67 келідегі Дін-Мұхаммед Қошқар бірінші белдесуінде жеңіліске ұшырады.