
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингіне сәйкес, Абиба Әбужақынова бірінші орынға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық спортшы бір сатыға жоғарлап, 5021 ұпаймен әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде көш бастады.
Ресейлік Сабина Гилязова екінші орын, ал 23 жасар италиялық спортшы Ассунта Скутто үшінші орынға тұрақтады.
Абиба Әбужақынова өз мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте көш бастап отыр.