
Биыл бокстан тағы бір әлем чемпионаты өтуі мүмкін. Бұл туралы ІВА басшысы Умар Кремлев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Әлем чемпионаты жайлы жақын арада хабарлаймыз. Бұл чемпионат міндетті түрде өтеді. Біз бұл жарысты ІВА өткізген ең ауқымды турнир қылмақпыз. Спортшыларға ұйымдастыру жағынан да, сыйақы жағынан да керемет жағдай жасаймыз. Жүлде қоры да көбейтілді, бұл туралы жақында айтамыз», — деді Кремлев.
Айта кетелік, бокстан ерлер арасындағы IBA әлем біріншілігі соңғы рет 2023 жылы Ташкентте өткен болатын.