Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановтың қызы Еңлік Сәтжан әкесінің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Біздің отбасымыз осындай әділетсіздікке тап болып отыр. Мен барлық жерге жазып, пост, рилстар салып, резонанс жасағым келеді. Бірақ әкем қаламайды.
Сен бар өміріңді сүйікті жұмысыңа арнайсың, адал әрі тынымсыз еңбек етіп, нәтиже әкелесің. Алайда, біздің мемлекетке бәрібір. Олар сені орныңнан алып тастай салады. Себебі, бұл — олардың қалауы.
Содан соң бәрінің шетелге кетіп жатқанына таң қалады. Өйткені, Жаңа Қазақстан ешқашан болмайды», — деп жазды Еңлік Сәтжан желідегі парақшасына.
Айта кетелік, Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасынан кейін команда тізгінін екінші рет қолға алған болатын. 2026 жылдың 10 қаңтарында оны қызметінен алып тастады. Орнына Нұржан Насанов тағайындалды.
