Еркін және әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер тағайындалатын күн жақын. Бұл туралы Sportbugin.kz сайтының сенімді дереккөзі хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, екі команданың бас бапкерлері жақын күндері анықталады. Әзірге, бас бапкерлік қызметке кімдердің келетіні белгісіз.
Айта кетелік, бұған дейін еркін күрестен бас бапкер қызметін Мадияр Құрамысов атқарды.
Ал әйелдер күресінен бас бапкер міндетін Қайрат Сағадиев орындады.
Бізге жеткен дерек бойынша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Қонысбек Төкенов өз қызметінде қалады.
