Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Қазақ балуаны Нұрқанат Серікбаев финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
66 келі салмақта белдесіп жатқан Нұрқанат Серікбаев Франция, Әзербайжан және Кипр балуандарын жеңді. Ал жартылай финалда ол испаниялық Давид Гарсия Торнеден басым түсті.
Нұрқанаттың финалдағы қарсыласы — әзербайжандық Тұран Байрамов.
Сондай-ақ, 60 келідегі Талғат Орынбасар қола медальға күреседі. Ол жарыс барысында Грузия, Германия, Өзбекстан балуандарынан басым түскен.
Алайда, жартылай финалда израильдік Ижак Ашпизге есе жіберді. Талғаттың кіші финалдағы қарсыласы — украиналық Артем Лесюк.
Өкінішке қарай, Мағжан Шамшадин мен Ақылжан Жұбатқанов жарысты ерте аяқтады.
