Каратэші Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
+68 келі салмақтағы финалда Софья Берульцева Таиланд өкілі Маниаан Бутсуванды 8:0 есебімен жеңді.
Осылайша, отандасымыз құрлық додасындағы екінші чемпиондық атағына қол жеткізді. Ол бұған дейін 2022 жылғы Азия ойындарында да алтын медаль иеленген.
Айта кетейік, бұл — каратэден Қазақстан құрамасының екінші алтыны. Бұған дейін Жоламан Биғабыл чемпион атанған.
