Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында бокс бәсекелерінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды.
55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан — Каземи (Иран) мен Чон Со (КХДР) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов — Лин (Тайбэй) мен Жанг (Оңтүстік Корея) арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы шығады.
70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан — Нгуйен (Вьетнам) мен Дбичи (Катар) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов — Мин Ким (Оңтүстік Корея).
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай — Нурож (Ауғанстан). Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде 2025 жылғы әлем чемпионы Турабек Хабибуллаевпен (Өзбекстан) кездеседі.
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай — Қошалиев (Қырғызстан) пен Есламов (Түрікменстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Бокс додасы 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Азия ойындарында барлығы 11 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның алтауы ерлер, бесеуі әйелдер арасында ойнатылады.
