Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында 81 келі салмақта сынға түскен жас балуан Әділет Алмат құрлық додасының алтынын жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тәжірибелі тәжікстандық Сомон Махмадбековпен кездесіп, сенімді белдесу өткізді.
Айта кету керек, бұл — Әділет Алматтың ересектер арасындағы небәрі екінші ірі жарысы. Бұған дейін ол тек Гран-при турнирінде топ жарған.
Азия чемпионатында ол бірқатар тәжірибелі балуандарды, соның ішінде қазақстандық дзюдоның көшбасшыларының бірі Абылайханды да жеңді.
Еске салсақ, ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын. Енді міне, араға көп уақыт салмай, ересектер арасында да құрлықтың үздігі екенін дәлелдеп отыр.
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында 81 келі салмақта сынға түскен жас балуан Әділет Алмат құрлық додасының алтынын жеңіп алды.