
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова, ал ерлер арасында 81 келіде Абылайхан Жұбаназар қола жүлдегер атанды. Абылайхан шешуші белдесуде БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, дәл осы 81 келі салмақта Әділет Алмат Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды.
