Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны үшінші қола медальмен толықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 90 келі салмақта сынға түскен Айдар Арапов кіші финалда қырғызстандық Эрлан Шеровпен белдесіп, «ваззари» ұпайымен жеңіске жетті. Кездесу «алтын ұпай» кезеңіне дейін жетіп, қазақ балуаны сәтті әдіс жасады.
Айта кетелік, бұл Араповтың құрлық додасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ал Эрлан Шеров өте танымал дзюдошылардың бірі. Ол Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
