Ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Александр Уваров күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде 153 келі, серпе көтеруде 190 келіні көтерді.
Бұл салмақта Солтүстік Корея өкілі топ жарса, қоланы Түркменстан спортшысы иеленді.
Әлібек Рақымберді 5-орынмен шектелді.