Қырғызстандық ММА файтері Марсель Нурланбекуулу UFC ұсынысынан бас тартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшының айтуынша, жекпе-жекке жеті апта қалғанда келісімшарт ұсынылғанымен, гонорар тым төмен болған.
Нурланбекуулу жекпе-жекке UFC 328 турнирі аясында шығуы мүмкін еді, алайда қаржылық талаптар сәйкес келмегендіктен келісім жүзеге аспады. Қазір оның командасы ұйымнан жақсартылған ұсыныс күтуде.
Айта кетейік, Марсель Нурланбекуулу 2026 жылдың наурызында Ереванда өткен Hype FC турнирінде Еркебұлан Токтарды жеңіп, кең танымалдыққа ие болған.
