Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Азия чемпионатында топ жарған спортшыларды қабылдады, деп жазады Sportbugin.kz.
Кездесуге грек-рим күресінен Азия чемпионы Алматбек Аманбек, бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әйгерім Сәттібаева және олардың жеке жаттықтырушылары қатысты.
Жиын барысында өңір басшысы жүлдегерлерді құттықтап, Алматбек Аманбекке 3 миллион теңге, оның бапкері 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Ал қола жүлдегер Әйгерім Сәттібаеваға 1 миллион теңге беріліп, жаттықтырушысы 500 мың теңгемен марапатталды.
Айта кетейік, Алматбек Аманбектің алтыны — құрлық додасында Қазақстан еншілеген жалғыз алтын медаль.
