Отандық боксшы Темірлан Мұқатаев Elkz YouTube арнасына берген сұхбатында 2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өзбек боксшысы Самандар Жалоловпен кездесуі туралы айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Жалоловқа “шаңыраққа қара” деп ескерткенмін. Кездесу барысында ол да мінез көрсетіп, бірдеңе дәлелдеуге тырысты. Бірақ біз де намысты қолдан бермейтін жігітпіз — ерегессе, жауапсыз қалдырмаймыз. Дегенмен ағайлар сабыр сақтауды тапсырды.
Самандар Жалолов қазақ жерінде қазақты жеңем деп ойлаған шығар. Біз өз мүмкіндігімізді күттік. Басымдықты қолға алып, жеңіске жеттік. Осылайша бұл тақырыпқа нүкте қойдық», — деді Мұқатаев.
Айта кетейік, Темірлан Мұқатаев — 5 дүркін Қазақстан чемпионы және жастар арасындағы Азияның 4 дүркін чемпионы.
