Боксшы Темірлан Мұқатаев Elkz YouTube арнасына берген сұхбатында алдағы уақытта 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Мен 90 келі салмақ дәрежесіне былтыр ғана ауыстым. Бақыт ағайдың құрамасына қосылғаннан кейін, ол кісі мені 90 келіде көргісі келетінін айтты. Ал оған дейін, 2021 жылдан 2025 жылға дейін 86 келіде өнер көрсетіп келдім. Қазір өз салмағыма қайтадан түстім.
Бұл жерде мәселе қарсыластан қашу немесе басқа себепте емес. 86 келі салмақта менің жетістіктерім бар. Азия чемпионатын үш рет жеңіп алдым, сондай-ақ ересектер арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы атандым.
Қазіргі таңда осы салмақ маған барлық жағынан сай келеді деп есептеймін», — деді боксшы.
