Қазақстандық гимнаст Дияс Тойшыбек Ташкентте өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Өзбекстан астанасында спорттық гимнастикадан Challenge Cup-2026 турнирінің екінші кезеңіне іріктеу жарыстары аяқталды. Ерлер арасындағы тұтқалы ат бағдарламасында отандасымыз Дияс Тойшыбек 13,650 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Бұл сында болгариялық Раян Радков топ жарса, күміс жүлде өзбекстандық Мансур Рахматовқа бұйырды.
