Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде қазақстандық Эмиль Ахмеджанов алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз еркін бағдарламада жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, финалда 13,650 ұпай жинады.
Күміс жүлде өзбекстандық Хумоюн Исломовқа бұйырды. Ол 13,600 ұпай еншіледі. Ал моңғолиялық Энхтувшин Дамдиндорж 13,500 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, аталған финалда тағы бір қазақстандық гимнаст Алтынхан Темірбек те өнер көрсетті. Ол 12,500 ұпай жинап, жарысты сегізінші орынмен аяқтады.
