Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Эвелина Ежова жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз гимнастикалық бөренедегі жаттығуда 12,850 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды. Күміс жүлде хорватиялық Тина Зельчичке (12,650), ал қола өзбекстандық Дилдора Ариповаға (12,450) бұйырды.
Сондай-ақ, бүгін Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс медаль еншілесе, Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.
