Ғұсман Қосанов 1935 жылы 25 мамырда дүниеге келген.
Ол 1960 жылы Римде өткен XVII жазғы Олимпиада ойындарында КСРО құрамасы сапында эстафеталық жүгіруден күміс медаль жеңіп алды. Ғұсманның алтынға бергісіз күмісі қазақ баласына бұйырған тұңғыш Олимпиада медалі еді. Дәл осы жылдың күзінде Қосанов тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Ғұсман Ситтықұлы КСРО чемпионатындағы соңғы медалін 1966 жылы алды.
1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері» атағына ие болды. Өкінішке қарай, Қосанов 1990 жылы қайғылы жағдайда көз жұмды.
