Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U23 Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан Азия чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
125 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда үндістандық Лакиді айқын басымдылықпен жеңді. Қорытынды есеп — 10:0.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан құрлық додасының алтынын үшінші мәрте жеңіп алды.
