Вьетнамда күрес түрлерінен өтіп жатқан U17 санатындағы Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел қоржынына тағы бір алтын түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
65 келі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Мирас Махамбет өзбекстандық Сардор Махмудовпен белдесті. Шешуші айқас тартысты өтіп,
3:2 есебімен Махамбеттің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қызылорда облысының намысын қорғаған 17 жастағы спортшы Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, жартылай финалда Мирас Махамбет ирандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген.
