Отандық балуан Әлібек Әбдіқасымов әлеуметтік желіде досының денсаулығына қатысты әсерлі жазба жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Сонымен қатар, ол спорттағы талантты жастардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, қоғамды оларға көбірек көңіл бөлуге шақырды.
Әлібек Әбдіқасымов парақшасында:
“Қаншама таланты бар балаларды жарақат және қаржылық жағдай үшін жоғалтып алып жатырмыз. Чемпион болатын қазақ балалары қолдаусыз қалып, армандарын жарты жолда тоқтатуға мәжбүр. Осындай таланттарды жоғалтып алмау үшін бәріміз бірге қолдау көрсетуіміз керек», — деп жазды.
