«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Ордабасыға» қарсы матчтан кейін қақпашы Темірлан Анарбековтің ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында маман ойыншының қателіктеріне тоқталып, оған әлеуметтік желінің де әсері болуы мүмкін екенін меңзеді.
«Мүмкін, Instagram-да көп отыратын шығар», — деді Уразбахтин.
Айта кетейік, кездесу 2:1 есебімен «Ордабасының» пайдасына аяқталды.
