Гонконгта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Мария Щипачева үш қарғып секіру сайысында үздік үштікке еніп, қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 12,70 метр нәтижені тіркеді.
Бұл сында алтын медаль Қытай өкілі Ицин Сеге бұйырды. Ол 13,36 метр көрсеткішпен топ жарды. Күміс жүлдені 12,84 метр көрсеткішпен Үндістан спортшысы Садхана Рави иеленді.
Осылайша, Мария Щипачева Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы медалін қоржынға салды.
