Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Іріктеу кезеңінде ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов сәтті өнер көрсетіп, 14,900 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Осылайша ол финалдық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен гимнаст ретінде шықты.
Тағы бір қазақстандық спортшы Зейнолла Ыдырысов та жүлде үшін таласады. Ол іріктеу сынында 14,266 ұпай жинап, үшінші орынмен финалға өтті.
Ал сақиналардағы жаттығуда өнер көрсеткен Роман Маменов жарысты
13-орынмен аяқтап, шешуші кезеңге өте алмады.
